Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қарағанды орталық газ жүйесіндегі ақаудан көпқабатты үйде жарылыс болды

Қарағанды орталық газ жүйесіндегі ақаудан көпқабатты үйде жарылыс болды

Қарағандыда пәтердегі жарылысқа орталық газ жүйесіндегі ақау себеп болған. Полиция бүгін газ құбыры тесілгенін анықтады. 5 қабатты үй орталық газ жүйесіне қосылған. Жарылыс 5-інші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде болған. Пәтер қабырғалары түгелдей құлапты. Үйінді астынан 25 жастағы ер адамның денесі табылды. Қазіргі таңда тұрғынның жеке басы жайында деректер анықталып жатыр. Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Аятолла НАБИЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІ ӨСБ ҚАРАУЫЛ БАСТЫҒЫ:

2 бөлмелі пәтерде кейіннен жанусыз ауа- газ қоспасының жарылысы орын алды.Нәтижесінде үйдің тірек құрылымдары бұзылмаған.Ішкі бөлімдерге зақым келмеген.

А. Қуаш