Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істегісі келетін қарағандылық жастар артқан

«Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істегісі келетін қарағандылық жастар артқан

Қарағанды облысында «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жұмыс істегісі келетін жастар былтырғыдан 20 % - ға артқан. Кәмелетке толмағандардың өзі еңбектенуге ниетті. Аймақта, бүгін аталған еңбек топтарының жұмысы басталды. 320 жас жаз бойы қаланы абаттандыруға ат салысып, өндірісті өлкенің экологиясын жақсартуға үлес қосады. Толығырақ тілші әңгімелейді.

«Жасыл ел» бағдарламасы өңірде осымен 16- ыныш рет ашылып отыр. Осы кезге дейін 250 мың жас оның шапағатын көрген. Олар  44 мыңнан астам ағаш отырғызып, шамамен 150 мың гектар жерді өңдепті. Биыл аталған бағдарламамен жұмыс істегісі келгендердің саны былтырғыдан артқан. Студент Диана да қаланы көгалдандыруға үлес қосқысы келеді. Болашақ кардиолог табыстан бөлектен, өңірдің экологиясына алаңдаулы.

Диана САЛЕХОВА, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҚШЫСЫ:


Мен үшін ең бастысы- экология. Жасыл елге келудегі мақсатым – қала саябақтары мен алаңдарын тазартуға көмектескім келеді. Одан кейін әрине аздаған табыстың да артықтығы жоқ. Әр студент жазғы демалыста қосымша ақша табады.

Биылғы маусымда 320 қыз-жігіт қала саябақтарын көгалдандыруға үлес қосады. Жалақы көлемі 42 мыңнан, 77 мың теңге аралығында болмақ. Олар 5 күн жұмыс істейді. Демалыс, түскі ас уақыты да алдан ала белгіленген.

Нұрлан БЕКЕНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Олар біріншіден, көп балалы отбасылардан. 14 жасынан 29 жасқа дейінгі жастар жұмысын жасайды. Оның ішінде 14-16 жасқа дейінгілер 4 сағат, арықарай 6 сағаттық жұмыс күнделікті жүргізеді.


Дәулет ЕСТАНОВ, «ЖАСЫЛ ЕЛ  ЖАСАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Ол жастарымыз яғни қаланың  саябақтарында, бақтарында  абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен айналысады. Тазалық жұмыстарын жасайды, ағаштарды әктеу, көгалдандыру жұмыстары олардың  ең негізгі жұмыстары болып табылады.


«Жасыл ел» жасағы биыл 30 мың ағаш отырғызады деп жоспарланған. Жастар ол сәтті асыға күтуде.  

А. Қуаш