Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордадағы ескі үйлердің төбесінен су кетті

AstanaTV
03.06.2021ж. 20:00
1689
Елордадағы ескі үйлердің төбесінен су кетті

Елордадағы ескі үйлердің тұрғындары жауын жауса әбігерге түседі. 5 қабатты баспананың шатырынан су ағып, пәтерлердің төбесі опырылып, қабырғаларда саңылау пайда болған.  Түнімен жаңбырмен алысып,  шаршаған тұрғындар біздің арнамызға хабарласты. Проблема бұған дейін де болған, бірақ  жұрт "құзырлы орындардан мардымды жауап жоқ" дейді.

Төбеден аққан су қабырғаның сылағын түсірген. Бұрыш-бұрыштың бәрі ылғалдан көгеріп кеткен. Электр сымдарына зақым келген. Ал ызаның иісінен демалу мүмкін емес.    Тұрғындар жауын жауса  көрген күніміз осы дейді. Шұрық-тесіс шатыр жаңартылмай, пәтерлерге де жөндеу жүргізе алмаймыз деп налиды.

Ботагөз, ТҰРҒЫН:

Таңғы сағат 4-те осындай су кетті коридордан. Щитьтен   су ақты, ертең тоқ ұрып өлеміз. Бір адам өлсе, сол кезде ғана сносқа кете ме, жоқ әлде жөндей ме білмейміз не істейтіндерін. Жылда осылай, күз болады, көктем болады осылай судың астында қаламыз.  


Күйінген жұрт патер иелері кооперативі  төбеден аққан суды көрсе де, ешқандай әрекет жасамады дейді. Үйге жөндеу жұмыстары жүргізіле ме, жоқ па, ол да белгісіз. Ал  Байқоңыр ауданы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, былтыр демеушілер  қаражаты есебінен  үйдің төбесі ауыстырылған. Жаңбыр  суының ішке кіруінің басқа себебі бар дейді.  

Жасұлан БАЙЖАНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Біз келіп, басты себепті анықтадық. КСК жағдаймен хабардар болып шықты. Осы үйде бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілген екен, сол кезде шатыр арқылы сым өткізіпті. Сол кезде шатырға зақым келтірген, кейін сынған жер жөнделмеген, саңылаулар жабылмаған.

Енді сол мердігер компания шығынды өтеуі тиіс. Әкімдік мәселені осылайша шешеміз деп отыр.  Ал тұрғындардың күтуден басқа амалы жоқ.  
 .

А. Базарбай