$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанай облысында шенеунік өзіне қол жұмсады

AstanaTV
03.06.2021ж. 20:00
3287
Қостанай облысында шенеунік өзіне қол жұмсады

Қостанай облысында аудандық білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгісінов өз-өзіне қол жұмсады. Жергілікті ақпараттық агенттік таратқан  бұл мәліметті облыстық басқарма өкілдері растады. Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары басқарма басшысының суицид жасауына   оған қатысты қозғалған қылмыстық іс себеп болуы мүмкін деп жазып жатыр.   Бірақ білім басқармасы таратқан түсініктемеде Қалыбек Байжанұлына қатысты соталды тергеу жөнінде ресми ақпарат жоқ екені айтылған.   Қызылорда өңірінің тумасы әуелі Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ал 3 жыл бұрын  бөлім басшысы қызметіне тағайындалған.    
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы Қалыбек Байжанұлы Жүгінісов өз-өзіне қол жұмсағаны туралы жарияланған ақпаратты растаймыз. Оқиғаның мән-жайы білім басқармасына белгісіз. Құқық қорғау органдарынан Қалыбек Байжанұлына қатысты сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу туралы білім басқармасына ресми ақпарат түскен жоқ. Қалыбек Байжанұлы әріптестері арасында абыройлы кісі болатын. Қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарайтын өз ісінің маманы болған.


З. Санай