Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Танымал дизайнер Сәкен Жақсыбаевтың коллекциясының таныстырылымы өтті

AstanaTV
04.06.2021ж. 20:00
2863
Танымал дизайнер Сәкен Жақсыбаевтың коллекциясының таныстырылымы өтті

Елордада танымал дизайнер Сәкен Жақсыбаевтың  жаңа коллекциясының таныстырылымы өтті. Сәкен Жақсыбаев  - 10 жылдан бері  ерекше үлгідегі киімдер ұсынып, сән әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған кәсіби маман.  Айтуынша,   оның бренді  2011 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген. Киімдер елімізде тігіледі. Дизайнердің бұл жолғы  коллекциясы Антуан Де Экзюперидің «Маленький принц» кітабын оқып, шабыттану негізінде пайда болған.

Сәкен  ЖАҚСЫБАЕВ, ДИЗАЙНЕР:


Нұр-Сұлтанға арнайы келдім. Капсулалық коллекциямды көпшілікке таныстырамын. Бас қаланың қақ ортасында өз қолымнан, ойымнан шыққан киімдерді көрсету мен үшін мақтаныш. 24 киім үлгісін көрсетпекшіміз.Оның 12-сі нәзік жандарға, қалған 12-сі ер адамдарға арналған киім үлгілері. Шілдеде Алматыда мода апталығында тағы да осы коллекцияны көрсетеміз.


Л.Қуанышқызы