Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қостанай облысының полицейлері көлікке оқ атты

AstanaTV
04.06.2021ж. 20:30
2107
Қостанай облысының полицейлері көлікке оқ атты

Ішімдікке сылқия тойған әке мен көлік тізгіндеген бала Арқалық сақшыларын аяғынан тік   тұрғызды. Қала көшесінде сайрандаған оларды полицейлер көлікке оқ атып тоқтатуға  мәжбүр  болған. "Қауіпсіз жол" жедел  шарасы аясында полиция қызметкерлері Mitsubishi Pajero көлігін тоқтатқан. Бірақ жол талғамайтын көлікті тізгіндеген жүргізуші бұйрыққа бағынбай қаша жөнеледі.Тәртіп сақшылары оның соңына түседі. Бұл әрекеттерді көліктегі жолаушы бейнетаспаға түсіріп алған көрінеді. Бейнежазбада жүргізушінің орнында жас бала отырғаны, ал қасындағы ересек ер адамның оған бұйыра сөйлегені  байқалады. Көлікті басқарған 14 жастағы жасөспірім екені анықталды. Ал қасындағы әкесі болып шықты. Ол ішімдік ішкен.

Құрмет МӘЖІКЕНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Баланың әкесіне қатысты әкімшілік кодекстің 612 бабы 5 тармағы және 613 бабы 1 тармағы бойынша хаттама толтырылды. Осы екі бап бойынша 80 аек көлемінде айыпұл салынды. Ал қару қолдануға байланысты ішкі тергеу жүргізіліп, соның қортындысына сәйкес  полицияның әрекеті заңды деп танылды.

Полиция жасөспірімнің ата-анасына  қатысты материалдарды кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі қалалық  комиссияға жолдаған.  Сондай-ақ  сақшыларға тіл тигізгені үшін жеке әкімшілік іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.

З. Санай