$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Құрметті министр мырза, емханаға бараңыз,- Н.Нығматулин

AstanaTV
09.06.2021ж. 20:00
2453
Құрметті министр мырза, емханаға бараңыз,- Н.Нығматулин

Үкімет халықтың мұң мұқтажын тындауы тиіс. Қазір министрліктер халықтан алшақтап кетті. Мәжілістің бүгінгі жиыны осындай сын мен ескертуге толы болды. Депутаттар әсіресе Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға шүйлікті. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ведомства басшысын аудан-ауылдарды аралап, халықтың ахуалымен етене таныс болуға шақырды. Құр статистика айтқаннан опа таппаймыз деп отыр. Бұдан бөлек, өткен жылғы бюджеттік бөліністегі олқылықтар талқыланды. Мәжілісте қозғалған мәнді мәселелер жайлы келесі материалда.

Бұл жиын бұрыңғысынан өзгерек. Әдетте, бірауыздан дауыс беріп, жаппай қолдау көрсететін депутаттар бүгін бірнеше министрліктің жұмысын аямай сынады. Сөзін оң динамикадан бастаған Алексей Цойды Мәжіліс төрағасы халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға шақырды. "Елді мекендердегі денсаулық сақтау саласының жағдайы мәз емес.  Карантинді сылтауратпай нақты іске көшетін кез жетті,-деді Нұрлан Нығматулин.  

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Министр мырза, адамдармен санитарлық дәрігердің қаулысы арқылы байланысқанды қою керек. Ауруханаға, емханаға барыңыз, әсіресе аудандық. Сонда кезек күтіп отырған халықпен сөйлесіп көріңіз. Менің ойымша, сол кезде медициналық көмектің сапасы мен Сіз өз жұмысыңыз туралы көп білетін боласыз.

Ал Қазақстан Халық партиясы Үкіметтің 2020 жылға арналған республикалық бюджетті атқару туралы есебін қолдамады. Ол 2020 жылы ЖІӨ көлемі 10 миллиард доллардан астамға төмендеп, жан басына шаққанда 8 пайызға қысқарғанын айтты. Біз экономикалық күрделілік индексінде, инновациялық белсенділік деңгейінде өз позициямызды жоғалтып жатырмыз,-деді.

Айқын ҚОҢЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Қаражат бар, бірақ оны мақсатты пайдаланбаймыз, бұл - дұрыс емес. Біз тауарларды ілгерілетуге шамамен 7,5 миллиард теңге жұмсаймыз, оларды өндіру технологияларын әзірлеуге барынша аз қаражат жұмсалады. Қателік осында.


Бюджеттің тиімсіз жұмсалуын айтқан фракция мүшелері, дауыс беруден қалыс қалатындарын жеткізді. Құрғақ сандарға емес, нәтижеге жұмыс істеу керек. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Үкіметтің келтірген ақпаратына қанағаттанбайтынын айтты. Ол халықтың өмір сапасын жақсартуға аз көңіл бөлініп жатыр,-деді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Азық-түлік бағасы арзандау керек. Коммуналдық төлем төмен болуы керек. Сонда ғана осы пайыздарды халық қабылдайды. Егер олай болмаса сіздердің пайыздарыңыз жай ғана қағаздағы сандар күйінде қалады.

Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:

Бюджеттің орындалуына депутаттардың көпшілігінің көңілі толмайды. Әсіресе халықты жұмыспен қамту саласына тың серпін беру керек,-деді. Бұл жұмыс - есеп беру, баяндама жасау үшін емес, шындап қолға алынуы қажет екенін ескертті. Палата спикері әлеуметтік қорғау министріне мәселелерге ерекше көңіл бөлу керектігін баса айтты.


Ғ. Өтемісов