$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбыл облысында шақыртуға барған полицейді пышақтап кетті

AstanaTV
09.06.2021ж. 20:00
2869
Жамбыл облысында шақыртуға барған полицейді пышақтап кетті

Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны учаскелік полицейді пышақтады. 37 жастағы келіншек  азаматтық некедегі  күйеуімен жанжалдасып,  тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Осы шақыртуға шұғыл жеткен учаскелік инспекторға  27 жастағы Шу ауданының  тұрғыны  пышақпен қоқан лоққы көрсеткен. Соңында қолындағы суық қаруды оған бірнеше рет сұғып алып, қансыратып қашып кеткен. Жарақат алған тәртіп сақшысы аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, оған ота жасалды.  Қазір денсаулығына   қауіп жоқ дейді дәрігерлер.  Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті көп ұзамай  қолға түсті.

Нұржан ҚАЛМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Билік  өкіліне күш қолданған азаматқа қатысты ұстау жоспарына Жамбыл облысының жедел жасағы мен Шу, Мойынқұм, Тұрар Рысқұлов ауданының полицейлері жұмылдырылды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерекке қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Б. Жұмабай