Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда кәуапханадан шыққан алапат өрт қасындағы ірі дүкенге де залал келтірді

AstanaTV
11.06.2021ж. 20:00
2279
Алматыда кәуапханадан шыққан алапат өрт  қасындағы ірі дүкенге де залал келтірді

Алматыда кәуапханадан шыққан алапат өрт, жапсарлас орналасқан ірі дүкеннің күл-талқанын шығарды. Мамандар оқиға орнына жеткенше  тілсіз жау  жанындағы әкімшілік ғимаратқа  жайылып үлгерген. Абырой болғанда,   адам аман. Тілсіз жауды ауыздықтауға 19 бірлік техника мен 70-тен астам жеке құрам жұмылдырылған.  

Гүлдана НҰРЫМБЕТОВА, АЛМАТЫ қ. ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:


Өрт сөндірушілер келгенде бір қабатты «Брас Паб» кафесінің аумағында бір қабатты ғимаратында кәуәп және фаст-фуд дайындайтын ас-үй жайының шатыры және және жапсарлас орналасқан дүкен шатырының жануы анықталды. Тез арада өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды.

Өрттің  шығу себебін қазір мамандар анықтап жатыр.  Қос нысанның басшыларынан    жауап ала алмадық. Бірақ сол маңайдағы тұрғындар қою қара түтінге әбден тұншыққандарын айтады.

Үміт ДӘУІРБЕКОВА, КУӘГЕР:

Мен осы дүкен мен кафеге қарама-қарсы үйде тұрамын. Өрттің кесірінен түні бойы ұйықтай алмадық. Қорықтық. Үйімнің ішіне дейін көк түтін болып кетті. Әлі де ыстың иісі тұр.

Ә. Лесбек