$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрінің ағасы 10 жылға сотталды

AstanaTV
11.06.2021ж. 20:00
2363
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрінің ағасы 10 жылға сотталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі Біржан Нұрымбетовтың ағасы 10 жылға сотталды.  Жамбыл облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының   бұрынғы басшысы-Тимуржан Нұрымбетовтің үстінен. 44 миллион теңгеден астам пара алды, алаяқтық жасады және қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған болатын.  Нәтижесінде мемлекетке 54 миллион теңгеден астам шығын келген. Сотталушының бар мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айырылды. Бірақ ақшаны заңдастыру бойынша қылмыс құрамында болған жоқ деп ақталды.Сонымен қатар сотталушыға сыбайлас болған басқарманың бұрынғы екі қызметкері мен қоғамдық бірлестіктердің 2 өкілі    5 жылдан 8 жылға дейін  бас бостандығынан айрылды. Бірақ сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ дейді Тараз қалалық №2 соттың өкілі.
 
Индира ДОСОВА, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТТЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
 
Заңды күшіне енбеген іс. Апелляцияға береді ол, апаелляциядан кейін косация болуы мүмкін. Қашан енетіні белгісіз.


Б. Жұмабайұлы