$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Ескі үйлерде тұру қауіпті

AstanaTV
11.06.2021ж. 20:00
2328
Ескі үйлерде тұру қауіпті

Үрейлі үйлер. Қостанайда көне баспана көп. «Жарты ғасыр жөндеу көрмеген ескі қонысты мекендеу қауіпті», дейді тұрғындар. Шыбын жанын шүберекке түйген көпшілік билік партиясына жүгініп, көмек сұрады. Алпыс жыл бұрын салынған бұл үйлердің қазір қабырғасы жарылып, сыртқы сылағы сыпырылып қалған. Ол аздай едені опырылып, төбесі құлағалы тұр. Екіқабатты ескі тұрақты былтыр комиссия «апатты» деп таныған. Бірақ мұндағы сегіз отбасы әлі күнге дейін көшірілмеген.

Ольга ЛЕВЧЕНКО, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бұл үйді мекендеу өте қауіпті. Күн сайын басымызды қатерге тігіп отырмыз. Үйдің ескіргені соншалық едендері опырылып жатыр. Төбесі шіріп жатыр. Қабырғасы көгеріп  кеткен.


Қаланың қақ ортасындағы мына 4 пәтерлі баспананың да әбден тозығы жеткен. Тұрғындар 10 жылдан бері түйткілді шеше алмай келеді. Ескі баспана қожайындары "Nur Otan" партиясының «Халыққа көмек» жобасы аясында, аймақ басшысының қабылдауында болған. Ал облыс әкімі шаһар билігіне тапсырма жүктеп, апатты үй тұрғындарын көшіру үшін арнайы "Жол картасын" әзірлеуді ұсынды.

Юлия ВЕРЕЩАК, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізге алғашында Узкоколейный шағын ауданынан алыңдар деді. Бірақ ондағы үйлердің жағдайы да осындай. Ескі. Екіқабат үйлер. Әрине ол жерден алмаймыз.

Осы мәселенің шешімін білу үшін қазір Қостанай атқамінерлеріне хабарласамыз. Бізбен тілдесуге қала әкімдігінің баспасөз хатшысы дайын екен. Самат мырза, кеш жарық! Сіз тікелей эфирдесіз. Мәселені жақсы білетін боларсыз. Апатта үй тұрғындарының проблемасы қашан шешіледі? Олар биыл көшіріле ме? Ол қалай жүзеге аспақ? Партияға арызданғандары Мирошниченко көшісі 16-шы және 21-ші үйлердің тұрғындары.

Самат ЖАНДІЛДИН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Тұрғын үй апат деп танылды. Қазір 17 отбасы кезекке тіркелді.  174 миллион теңге қаражат бөлу туралы шешім шықты. Тамыз айында комиссия отырысы өтеді. Айдың аяғында конкурс жарияланады. Шамамен қыркүйек айында кілттерді табыстау жоспарланып отыр.

Түсінікті. Самат Сәндібекұлы, рахмет! Ал, мен еске сала кетейін, қоғамда келеңсіздіктің куәсі болсаңыз,төтенше оқиғаларға куә болсаңыз, экранда көрсетілген телефон нөміріне хабарласа аласыз. Аудио, видео жолдауыңызға болады. Ал, біз тікелей эфирде Сіздермен бірге мәселеге жауап іздейміз.   

З. Санай