Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарда жаңадан салынып жатқан үш қабатты үй құлады

AstanaTV
18.06.2021ж. 20:00
2143
Павлодарда жаңадан салынып жатқан үш қабатты үй құлады

Павлодарда енді салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің төбесі опырылып түсті. Ғимараттың бір жақ қабырғасы қоса құлаған. Абырой болғанда, адам аман. Бірақ, құрылыс басында жүрген 3 жұмысшы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Науқастардың жағдайы қалыпты – дейді дәрігерлер. Қазір бұл іске қатысты тергеп-тексеру басталды. Алдын ала мәлімет бойынша құрылысқа жауапты компанияның бұрын соңды үй салуда тәжірибесі болмаған. Бірақ төртқабатты нысанның құрылысын жүргізуге қалалық әкімдік рұқсат беріпті.


Арман БЕКБОСЫНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖЕРДІ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 «Элит Сервис плюс» деген бүгінге дейін біздің құжаттар бойынша үй салмаған осы Павлодар қаласында. Материалдар бойынша, олардың сапасы біріншіден, құрылыс басында жүрген мамандардың, олардың білімі қандай?, мына құрылыс жағынан?


Асқар ҚАПАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жұмысшылар - Өзбекстан азаматтары. Олар құрылыста рұқсатсыз жұмыс істеген. Мүмкін жалдамалы жұмысшылар шығар. Бірақ, ресми рұқсаттары жоқ. Біз өз тарапымыздан тексеріс бастадық. Еңбек қатынасы келісім шартының болған-болмағанын анықтаймыз.


Ө. Қуанар