$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Екі аптада 88 адам көлік апатынан көз жұмған

AstanaTV
21.06.2021ж. 20:00
1544
Екі аптада 88 адам көлік апатынан көз жұмған

Елімізде екі аптада 88 адам көлік апатынан көз жұмған. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Жол апатының көбеюіне -еңбек демалысының басталуы мен жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы себеп болып отыр дейді,-мамандар. Сондай-ақ қайғылы жағдайға душар болғандардың дені -жаяу жүргіншілер.

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ, МИНИСТРДІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Еңбек демалысы кезеңі келісімен автокөлік қозғалысының жиілігі өсіп отыр. Соның әсерінен көліктен келетін қауіп-қатер артты. Кейінгі 2 аптада 428 жол-көлік оқиғасы кезінде 88 адам көз жұмып, тағы 505 адам жарақат алды. Оның ішінде 92 көлік апатында кәмелет жасына толмаған 8 бала қайтыс болып, 102-сі зардап шекті. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің үштен бірі – жаяу жүргіншілер.

Б. Сатуов