Ал елордалық екі азамат шымкенттіктер қол жеткізе алмай жүрген дизель отынын заңсыз саудалаған. Олар үш жыл бас бостандығынан айрылды. Құны 14 миллион теңге болатын сұйық отынның ешқандай құжаты болмаған. Қылмыскерлерді қалалық экономикалық тергеу департаменті құрықтаған.
Айнұр ХАМЗАЕВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Қылмыскерлер 70 тоннадан астам отын сатқан. Қажетті лицензиялық құжаттарының жоқ екені дәлелденді. Қаржы мониторингі жөніндегі агенттік азаматтарды жанар-жағармайды күмәнді сату орындарынан алмауға шақырады.
Ғ. Өтемісов