$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Сайрам-Өгем» шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды

AstanaTV
22.06.2021ж. 20:00
1742
«Сайрам-Өгем» шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды

Түркістан облысында жоғалған туристің тағы бірінің денесі табылды.

Сайрам-Өгем ұлттық паркі аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан құтқарушылар 22 жастағы студенттің денесін Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен тапқан. Оны алып шығуға «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының тікұшағы жұмылдырылды. Табылған мәйіттің жоғалған туристікі екенін полиция растады. Ол Атырау облысының тумасы болатын.

Талғат УӘЛИ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды.

Еске салайық, жеті туристің жоғалып кеткені туралы төтеншеліктерге 25 -мамыр күні хабарланған. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жүргізілді. Бұған дейін 3 турист аман есен құтқарылды. Ал үш жігіттің мәйіті табылған болатын. Оның екеуі бір отбасының ағалы-інілі балалары еді. Бүгінгі табылған студент соңғысы.

А. Төребекқызы