Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«Nur Otan» әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша талқылау өткізді

AstanaTV
23.06.2021ж. 20:00
1289
«Nur Otan» әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша талқылау өткізді

"Нұр Отан" партиясының мүшелері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мәселесін талқылады. Экономикалық даму жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Аманжан Жамалов баға көтерілмеуі тиіс деді. Оның айтуынша мемлекеттік органдардың есептері мен нақты көрсеткіштердің айырмашылығы көп. Ресми мәліметтерде қарағанда нарықтағы жағдай қалыпты, ал іс жүзінде 19 әлеуметтік маңызы бар өнімнің 17-сі айтарлықтай қымбаттаған дейді ол.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Біз үкіметтің есебін қабылдадық, әр түрлі сөздерді тыңдаймыз және барлық жерде инфляция бүгінде 7,5%, ал жылдық инфляция -7,2% . Бірақ адамдар базарларға барады, дүкендерге барады және мүлдем басқа көріністі көреді. Осы жылдың басынан бері 19 әлеуметтік маңызы бар тауардың 17-сінің бағасы өскен.

Б. Сатуов