Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағандыда карантинді бұзғандарға 82 млн теңгеден астам айыппұл салынды

AstanaTV
23.06.2021ж. 20:00
1783
Қарағандыда карантинді бұзғандарға 82 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Қарағандыда карантин талаптарын бұзғандарға 82 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Мониторингтік топтар осы маусым айының өзінде жоспардан тыс 55 тексеру жүргізіп, оның 44- інде карантин ережелерінің бұзылу дерегін анықтаған. Әсіресе қазақтың тойына тыйым болмай тұр. Облыс орталығы мен Жезқазған, Балқаш, Саран қалаларындағы ірі мейрамханалар мен дәмханалар бірінен соң бірі салтанатты шара өткізіп, әшкереленді.Мамандар бұқаралық іс- шаралар өткізудің салдарынан эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақсыз дейді. Соңғы бір тәулікте өңірде146 адам вирус жұқтырған.

Айгүл ШАТЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ- ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Кәсіпкерлік субьектілер мен тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауы тыйым салынған бұқаралық шараларды өткізу фактілерін анықтау әлі де болса жалғауда. Жыл басынан бері Қарағанды облысының мониторинг топтары 77 мыңнан астам нысандарды тексерулермен қамтыды. Оларда 8 жүзден астам карантиндік шаралардың бұзылу деректері анықталған.

А. Қуаш