$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанда коронавирустың тағы жаңа штаммы анықталды

AstanaTV
23.06.2021ж. 20:00
1697
Қазақстанда коронавирустың тағы жаңа штаммы анықталды

Коронавирустың тағы бір жаңа штамм табылды деген қауіп бар. Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері "Нью-Йорк" штаммына ұқсас түрі тексеру кезінде анықталғанын жариялады. Мегаполисте айналымда жүрген мутацияланған вирустың түрлері эпидемиологиялық жағдайды нашарлатып жібергенін айтты.

Жандарбек БЕКШИН, АЛМАТЫ қ. САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

19 -маусымнан бастап күнделікті зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. ПТР-диагностикасын жүргізу кезінде бір сынамадан "Нью-Йорк" штаммына ұқсас түрі анықталды.Бұл штамм түрі қыста Нью-Йоркте дүрбелең туғызған болатын. Талдау секвенирлеу жұмыстары басталды.

Апта басыннан бері елдің денсаулық сақтау жүйесін тік тұрғызған "үндістандық" немесе "дельта" штаммы 300-ден аса сынаманың жартысынан анықталды. Оның басым бөлігі Елордада, біреуі Алматыда тіркелді. Қазақстандықтардың алып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина бұған төтеп бере ала ма?

Жандарбек БЕКШИН, АЛМАТЫ қ. САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Біздің әзірлеушілердің айтуынша, "QazVac" және "Sputnic V" Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, барлық белгілі штаммнан, соның ішінде үнді штаммынан қорғайды.

А. Данияр