Алдағы күндері елімізде аптап ыстық болады. Синоптиктердің болжауынша, республиканың басым бөлігінде термометр бағаны қырық градусқа дейін көтеріледі. Бұл Иран ауданынан жылы және құрғақ ауа массаларының шығуына байланысты дейді мамандар. Кейбір өңірлерде ескерту жарияланды.
Лаура САЙЛЫБАЕВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:
Республикамыздың солтүстік-орталық және шығыс аймақтарына келетін болсақ бұл аймақтарда ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды және түнгі уақыттарда 15-22, күндіз 30-38 ыстыққа дейін жетеді. Оңтүстік аймақтарына келетін болсақ бұл аймақтарда осындай ыстық ауа-райы сақталынады, түнде 20-25, күндіз 38-42 градус ыстық болады.