Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Коронавирус жұқтырған 485 қазақстандықтың жағдайы ауыр

AstanaTV
29.06.2021ж. 20:00
1179
Коронавирус жұқтырған 485 қазақстандықтың жағдайы ауыр

Коронавирус жұқтырған 485 қазақстандықтың жағдайы ауыр. Ал, 100-ден астам науқастың өмірі қыл үстінде. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша ауруханада ем алып жатқандардың 70-і өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Елдегі эпид ахуалдың  оңалар түрі жоқ. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бағалау матрицасының "қызыл" белдеуінде орналасқан. Қалған қала-облыстар "сары, жасыл" аймақта. Екпе салудағы нәтиже де ауыз толтырып айтарлықтай емес. Ақпаннан бері препараттың 1 компонентін 3 миллион 200 мыңнан астам адам салдырса, 2 миллионға таяу тұрғын иммундаудың толық курсын аяқтады.

А. Данияр