$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Үндістанда 40 мыңға жуық адамнан «қара зең» анықталды

AstanaTV
29.06.2021ж. 20:00
1616
Үндістанда 40 мыңға жуық адамнан «қара зең» анықталды

Ресейде соңғы тәулікте 650-ден астам адам қайтыс болды. Билік халық көбірек екпе алу үшін қатаң шараларды қолданып отыр. Ал, Үндістанда дәрігерлер 40 мыңға жуық «қара зеңмен» науқастанғандарды анықтады. Дельта штамм да қалыспай, көпшілікке жұғып жатыр.

Су бетінде жүзіп жүрген жартылай ыдыраған мәйіттер. Бұл жаға ұстатарлық көрініс қорқынышты фильмнің кадрлары емес, Үндістандағы шынайы жағдай. Ганг өзенінде коронавирустан өлгендердің денелері жаппай су бетіне қалқып шығуда. Жауған жаңбыр қабірлерді шайып кеткен. Қазірдің өзінде 150-ге жуық мәйіт өртелді.

Нирадж КУМАР, СИНГХ ШЕНЕУНІК:

Біз мәйіттерді шығармаймыз, бірақ су деңгейінен көтеріліп, жер бетіне шыққандарды өртейміз. Мәйіттер шоғырланған аймақтың арасы 1 шақырым. Біздің пайымызша, осылай 500-600 мүрде жерленуі мүмкін. Рәсімдерді өткізу кезінде барлық сақтық шаралары сақталады.

Басқа мемлекеттерде де дельта вирусы көзі ашып-жұмғанша тарап жатыр. Францияда вирус жұқтырғандардың 20-% мутацияланған штамм анықталуда.

Оливер ВЕРАН, ФРАНЦИЯНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Дельта нұсқасы Францияда диагноз қойылған жағдайлардың 20% құрайды. Вирус өршіп келеді. Бізге аса  қырағылық пен көпшілікті жаппай вакциналау қажет.

Ресей билігі жұртшылықты жаппай екпе алуға шақырып отыр. Өйткені, күніне 20 мыңнан астам адам ауру жұқтырып, 600-дейі қайтыс болды. Сол себепті, билік қатаң шараларға барды.   QR кодсыз бірде-бір кафеге, мейрамханаға кіру мүмкін емес.  

БЛИЦ:

- Неге мен метроға кіре аламын да, кафеге кіре алмаймын? 20 минутым бар, кофе ішкім келіп тұр.

- Шектеулерден екпе құтқармайды. Оның берері бар шығар, бірақ мән-мағынасы жоқ. Жай ғана міндетті вакциналау, болды.

- Бірінші екпеден кейін мен ауырып қалдым. Вирус жұқты бәрібір. Менің ойымша, қауіпсіз. Сондықтан, екпе салдырған дұрыс деп ойлаймын. Әрине, әркім өзі үшін шешеді.


Ал, Ұлыбританияда барлық шектеулер алынып тасталған соң, қаңтардан бері күніне 22 мың адам вирус жұқтырып, максималды көрсеткіш тіркелді.Әрі ауырғандардың барлығынан «альфа» мен «дельа» штаммдары анықталған.   

Сондай-ақ үндістандық дәрігерлердің «қара зеңмен» ауырған 50 мың жағдайды анықтағанын ескерсек, жағдай күрделі. Коронавирусқа қарсы вакциналардың 77-і қазір әлемнің 10 елінде ғана жасалады. Көптеген кедей елдер әлі күнге дейін өз тұрғындары үшін қажетті мөлшерде вакцина ала алмай отыр. Әрі бұл жалғыз қауіпті жағдай емес. Осы Үндістанның  Махараштра штатында жарқанаттардан «Нипах» қауіпті вирусын ұлттық вирусология институтының ғалымдары тауып отыр. Ғалымдардың сөзінше,шипасы жоқ бұл дерттен  40-75% халық қырылуы мүмкін.

Л. Қуанышқызы