Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Вакцина тек аса қауіпті ауруларға қарсы міндеттелуі мүмкін

AstanaTV
28.08.2017ж. 20:00
1540
Вакцина тек аса қауіпті ауруларға қарсы міндеттелуі мүмкін

Қазақстанда вакцина салдырғысы келмейтіндердің көбі діни сенімнен емес, өз қалауы бойынша қарсылық білдіреді. Осы орайда медициналық вакцина тек аса ауыр ауруларға қарсы міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен баспасөз жиынында Дін істері және азаматтық қоғам министрі мәлімдеді. Ал инфекциялық және паразиттік ауруға қарсы балаларына вакцина салдырудан бас тартқан ата-аналарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Бұл жаңа заң жобасына енгізілмек. Министр бұл сұрақта дұрыс шешім қабылдау маңызды екенін атап өтті.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

Біз бұл сұрақты Денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп, қарап жатырмыз. Міндетті медициналық вакцинация аса қауіпті.Ауруларға қарсы міндеттелсе деген ұсынысымыз бар. Егер ол басқа біреуге ауыруын жұқтырса, онда ол басқаның құқығын таптады деген сөз. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Мен дұрыс шешім қабылданарына сенімдімін.

Ал келер оқу жылына дейін, тіпті жаңа оқу жылының екінші жартысында "Дін және қоғам" пәні енгізілмек. Министр мұны оқу бағдарламасына кешіктірмей енгізу керек деп отыр. Қазір оқулық Білім және ғылым министрлігімен әзірленіп жатқан көрінеді.