Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бүгін алғашқы қоңырау соғылды!

AstanaTV
02.09.2017ж. 20:00
2716
Бүгін алғашқы қоңырау соғылды!

Биыл алғашқы қоңырау да Құрбан Айт мерекесіне сай бүгін соғылды. Астана мектептері де алғашқы қоңырауды бар сән-салтанатымен өткізді. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бірінші сынып оқушылары үшін ерекше мейрам ұйымдастырды. Мектеп формасы үстеріне қона кеткен құйтақандай балдырғандар, қобалжып-қуанған ата-аналар, әдемі жымиған ұстаздар. Жалпы, жаңа оқу жылында  еліміздегі 7,5 мың мектеп 2 жарым миллионнан астам оқушыны қабылдады. Оның 380- мыңы бірінші сынып оқушылары. Биыл жаңадан 35 мектеп пайдалануға берілді. Өз ісіне шын берілген ұстаздар оқушыларының білімді ғана емес, тұлға болып қалыптасулары үшін бар салады.

Гүлнар Садықова, Астана қ. 81-гимназия директоры:

Биылғы жыл ерекше жыл болды. Елімізді барша әлемге танытқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Бұл көрме еліміздің өнері мен мәдениетін, ғылымы мен білімін әлем халқына көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушыларымыз да ЭКСРО шараларын қызықтап, ойларына ой қосты дегім келеді. Қымбатты мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндер, білімге басқан қадамдарың биік белестерге жетелеп, еліміздің Туын көкке көтеріп, үлкен азамат болып шығуға тілектеспіз! 

Білім беру стандарттары мен оқулықтардың сапасына байланысты жыл сайын артып келе жатқан сауалдарға, кейбір жерлерде оқушылардың әлі күнге дейін 3 аусымда оқитынына тағы басқа, мың сан проблемаға қарамай, мектептерімізде негізінен ісіне адал мұғалімдер мен елгезек балалар!!! Соның арқасында ондағы «шкафтардағы скелеттер» құламайды- деп айтатын сөзімізді қайталаймыз.