$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Абай ауылында 15 жыл бойы берілмеген жер учаскелері биылдан бастап беріле бастайды

AstanaTV
09.07.2021ж. 20:00
2069
Абай ауылында 15 жыл бойы берілмеген жер учаскелері биылдан бастап беріле бастайды

Түркістаннан үш жүз шақырым шалғай жатқан Абай ауалындағы жолдардың 94 пайызы асфалтталған. Мұнан бөлек көгілдір отынмен қамтуды жыл аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл - ауылға төрт жыл бұрын әкім болып келген Ерғали Әбдірахмановтың бітірген үлкен бір ісі болды дейді абайлықтар. Мұндағы жұртқа ағын су да өзекті. Жергілікті халық сауда-саттықпен қоса, дені егіншілікті кәсіп қылатындықтан биыл алғаш рет каналдардың ұлтаны бетондалып, су тапшылығы жойылыпты. Тағы бір өзекті мәселе – жер телімі де біржақты шешілген.

Өмірзақ ӨТЕНОВ, АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТӨБЕ БИІ:

Бөлінетін жерді алдық. Енді сол жерге жол тарту керек. Электр энергия, су апару керек. Сөйтіп халыққа очередной бөліп беру керек. Халық өздері үй салып алады.

Ауыл әкімінің мәліметінше, Абай ауылында 3200 отбасы болса, жер сұрағандар саны одан көп. 3906 адам өтініш берген. Соның 600-іне биыл жер бөлінбек. Ерғали Әбдірахманов соңғы 15 жылда ауылда жер берілмегенін айтты. Мәселені шешу үшін ірлелес ауылдардан бас жоспарға сай қосымша аумақ қосылғанын айтты.

Ерғали ӘБДІРАХМАНОВ, АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүгінгі таңда біз республикалық бюджеттен қаржы сұратып, мынау 96 гектарға электрмен қамтамасыз ету мақсатында қаржы сұрадық. Ол қаржы келді. Қазір конкурс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жеңімпаз анықталған соң биыл сол жұмыстар жүргізілетін болады.

А. Төребекқызы