$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда салымшылар өздеріне тиесілі пәтерлерге кіре алмай жүр

AstanaTV
13.07.2021ж. 20:00
1578
Павлодарда салымшылар өздеріне тиесілі пәтерлерге кіре алмай жүр

Павлодарда салымшылар жарты жылдан бері өздеріне тиесілі пәтерлеріне кіре алмай жүр.  Себебі үй мерзімді уақытта тапсырылмаған. Сапасыз құрылыста мін көп.  Есік -терезелерден жел соғып, еден мен қабырғалар шытынап кеткен.  Сондықтан тұрғындар амалсыздан пәтер жалдап әлі жүр. Олар біздің редакциямызға хабарласып, көмек сұрады. Өзгеріс Қуанар тарқатады.

Бұл салымшылардың өз үйлерін күткеніне жарты жылдан асқан. Алайда, әлі күнге дейін пәтер кілттерін ала алмай жүр.   

Дулат БАЙЖҰМАН, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жаңа жылға қарсы береміз деген. Енді жаңа жылдан тоқ етері 10 шілде береміз деген. 10-нда келдік бағанағы айтқанын көрмейсіз бе? Ендігі аптада береміз - дейді. Білмеймін. Халықтың көбі пәтерде тұр. Балаларын оқытып жатыр. Ақшаларын төлеп жатыр.


Мына балконның есігі жабылмайды. Жапсаң асты ашық тұрады ырсиып. Бұндай үйге мен қалай кірем.

Жанар Құрманова осы үйден пәтер алу үшін 12 жыл ақша жинаған.  Алайда, қомақты қаржы төлеп, қол жеткізген баспанасы сапасыз болып шықты.

Жанар ҚҰРМАНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүкіл полдың бәрі қисық қисық. Жүргеннің өзінде сүрініп жүрсең. Қалай плита қойылған сол бойында плита жатыр. Ешқандай полды тегістеген емес. Ешқандай ештеңені істеген емес.

Ал әкімдік өкілдері мен мердігер   осы аптада кем-кетікті түгендеп, олқылықтың орнын толтырамыз – дейді.

Сұлтан ИЧИЕВ, МЕРДІГЕР:

Қыста үйге жылу берілген жоқ. Сондықтан, үйдің қабырғалары сыз тартқан. Бұл олқылықтың бәрін қалыпқа келтіреміз. 2-3 күнде бұл жұмыстың бәрін жасап, үйді пайдалануға тапсыратын боламыз.

Асқар АЖМҰРАТ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы аптаның аяғында полностью жұмыстарды бітіреміз. И пәтерлердің бәрінің кілттерін береміз.

Бірақ тұрғындар мердігер мен әкімдік өкілінің сөзіне сенбейтіндерін айтады. Өйткені істелетін жұмыс көп, оның бәрін     бір аптада аяқтау мүмкін емес - дейді.  

Ө. Қуанар