Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Елордада салынғалы жөндеу көрмеген баспана тұрғындары шу көтерді

AstanaTV
13.07.2021ж. 20:00
1281
Елордада салынғалы жөндеу көрмеген баспана тұрғындары шу көтерді

Бас қалада салынғанына 14 жыл болған баспаналардың кәріз және су құбырлары  тозған. Жуырда ыстық су құбыры жарылып,  жертөле суға толыпты. Тұрғындар пәтер иелер кооперативі мәселені шешудің  орнына келісімді бір жақты бұзып кетіп қалды дейді. Редакциямызға хабарласқан елордалықтармен әріптесім Ақбота Базарбай тілдесіп келді.

Мына тұрғын үйлердің алды 2007-ші жылы пайдалануға берілген. Содан бері түзу бір шеге қағылмапты. Тұрғындардың айтуынша жөндеу жұмыстары жүрмегендіктен құбырлардан су кетуі жиілеген. Ал қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативі, келісімнен бір жақты бас тартып, жуырда кетіп қалған. Енді үй қараусыз қалды дейді пәтер иелері.

Қуандық, ТҰРҒЫН:

Жақында 3-ші қабаттағы пәтерде ыстық су құбыры жарылды,одан аққан су 2-ші қабатты толық алып кетті. Ол пәтерде кішкентай бала жалғыз болды. Мен төтенше жағдай қызметкерлеріне хабарластым, есікті ашу үшін. Балаға бірдене болып қалды ма деп. Себебі, біздің КСК біздің үйді қауіпті жағдайда қараусыз тастап кетті.

Тұрғындардың айтуынша үйдің жертөлесі суға толып, электр сымдарына зақым келген. Пәтер иелері кооперативінен қайыр болмаған соң, тұрғындар жертөлеге түсіп, тесілген құбырды жамаған болыпты.  

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Құбырлардың тесік-құтығы бітелгенмен, жағдай әлі түзелген жоқ. Кәріздік жүйеден аққан сасық судың иісі қолқаны қабады. Тот басқан құбырларға сенім жоқ. Кез-келген сәтте ыстық су құбырының жарылып кету қаупі бар. Себебі 14 жыл бойы жөндеу көрмеген жүйе толық жаңартылмайынша мәселе шешілмейді дейді тұрғындар.

Ызаға булыққан азаматтар әкімшілік өкілдерін шақыртқан. Онымен қоса 12 жыл қызмет көрсеткен "Құрмет 2000" жауапкершілігі шектеулі серіктістік басшысы да келді.

Заманбек ДҮЙСЕНБАЕВ, "ҚҰРМЕТ 2000" ЖШС БАСШЫСЫ:

11-12 жылдай қызмет көрсеттім. Жыл сайын ауыстыру керек деп айтамын. Араларынан бір ақылды шығыпты, айтады бір жыл бір нәрсені ауыстыр, келесі жылы екіншісін ауыстыр. Олай болмайды. Егер ауыстырса, барлығын бірге ауыстыру керек. Мен өзім инженермін.


Енді тұрғындар ешкімге ақша жинағымыз келмейді. Ештене жасамайды, деп наразы. Үй иелері 2020 жылдың басынан бастап күшіне енген заң бойынша меншік иелері ассоциациясын ала алмай жүр. Бұл мәселені олар Сарыарқа ауданы әкімдігінің өмірді қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Андрей Марченкоға тікелей қойды.  

Бөлім басшысы тек заң жүзінде талаптар орындалған жағдайда ғана көмек бере алатынын айтты. Ал оған дейін тұрғындар өз қамдарын өздері жасап, өздеріне-өздері қызмет көрсетуден басқа амал жоқ.  

А. Базарбай