$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Нұротандықтар Түркістан облысының барлық аудандарын аралап, халықпен кездесті

AstanaTV
13.07.2021ж. 20:00
1979
Нұротандықтар Түркістан облысының барлық аудандарын аралап, халықпен кездесті

Мәжіліс депутаттары Түркістан облысындағы қалалар мен аудандарды аралап, халықпен кездесті. Осындай жүздесу Кентау қаласында   өтті. Депутаттар трансформатор зауыты жұмысшыларының ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ, жиында «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шаралары талқыланды. Жұмысшылар кәсіпорындар мен фабрикаларда еңбек ететін әйелдердің зейнеткерлік жасы төмендетілсе деген ұсыныс білдірді.  Сондай-ақ жаңа машиналар мен станоктар сатып алуға мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие берілсе деп өз ойларын айтты. Зауыт қызметкерлерінің айтуынша, 1200-ден астам адам трансформатордың 400-ден астам түрін шығарады. Компания өнімінің 40 пайызы экспортталады.  Өндіріс қуатын еселеу үшін зауытқа заманауи жоғары сапалы техникалар керек.

Сырым ЕРТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазір ең арзан несие бізде 4-6 пайызбен беріліп жатыр көп жерлерде.  Өндіріс орындарынан басқасына. Арнайы оған мемлекет тарапынан субсидировать етіп төмен түсіру бойынша кәсіпкерлерімізді көтеруіміз керек. Мына пандемия кезінде көп кәсіпкерлеріміз табысынан айырылды. Көбісі дами алмай қалды. Соны қайта дамыту үшін несиелерді қарастыру үшін ұсыныс тастайтын боламыз.

Депутаттар айтылған ұсыныстарды назардан тыс қалдырмауға уәде берді. Қазір елімізде отандық өндірушілерді қолдау туралы заң жобасы әзірленуде. Несиелеу мәселесі жұмыс тобының отырысында талқыланбақ.

А. Базарбай