$489.36 €533.45 ₽4.99
×

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың антирекордтық көрсеткіші тіркелді

AstanaTV
14.07.2021ж. 20:00
1448
Қазақстанда коронавирус жұқтырудың антирекордтық көрсеткіші тіркелді

Елімізде коронавирус жұқтырудың антирекордтық көрсеткіші тіркелді. Пандемия басталғалы мұндай жағдай болмаған. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша соңғы тәулікте 4400-ге жуық адамнан вирус анықталды. COVID-19-дан қайтыс болғандар саны да күрт көбейді. Ауруды көтере алмаған 53 науқас көз жұмды. 12 өңір кеселдің таралуы бойынша "қызыл" аймақта орналасқан. Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары "сары" белдеуде болса, "жасылда" тек Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары қалды.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Қазір ел бойынша 45 мыңнан астам адам коронавирус және өкпе қабынуынан емделіп жатыр. Ауруханада 15 мыңға таяу науқас бар. Оның ішінде 880 адамның жағдайы ауыр. 198 пациенттің өмірі қыл үстінде. Өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылғандар - 116.

Инфекция жылдам тарап жатқан өңірдің бірі - Нұр-Сұлтан қаласы. Бас қалада 15 стационар науқастарды қабылдап жатыр. Төсек жүктемесі -70 пайыз. Жағдайдың қиындап бара жатқанына алаңдаған елордалық дәрігерлер халыққа үндеу жолдады.  Бұл бейнекөрініс  жұқпалы аурулар ауруханасында түсірілген.   Стационар науқасқа толы. Жансақтау бөлімінде орын жоқ. Қауіпті індетке тосқауыл қойдың бірден-бір жолы-екпе алу дейді.  Сондықтан халық арасындағы әртүрлі алып-қашпа әңгімеге сенбей, әр адам ойланып шешім қабылдауы тиіс екенін айтады мамандар.

А. Данияр