$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Мұғалім жалған вакцина паспортын жасап, істі болды

AstanaTV
14.07.2021ж. 20:00
2890
Мұғалім жалған вакцина паспортын жасап, істі болды

Оралда мектеп мұғалімі короновирусқа қарсы екпе алғаны туралы құжатты қолдан жасады деген күдікпен істі болды.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, күдікті   қала мектептерінің бірінде жұмыс істейді. Оның вакцина паспортын қалай   жасағаны және өзге сыбайластарының бар-жоғы әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты Қылмыстық іс қозғалды.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Аталмыш жағдай Батыс Қазақстан облысында бірінші рет орын алып тұр. Қазіргі таңда барлық мән-жай анықталуда. Сәйкес сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Е. Карин