$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Автобустар жүргізушілері тәртіп бұзса, автопарк басшылары да жауапқа тартылады

AstanaTV
28.08.2017ж. 20:00
1608
Автобустар жүргізушілері тәртіп бұзса, автопарк басшылары да жауапқа тартылады

Бұдан былай Астанадағы автобус жүргізушілері жол ережесін бұзатын болса, автопарк басшылары жауапқа тартылмақ. Ал, жолаушыларға билет үлестірмеген жағдайда айыппұл 20 АЕК-ке дейін артуы мүмкін. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің мамандары хабарлады. Жолаушыларды тасымалдау басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердиновтың сөзінше, аталмыш шаралар қызмет сапасын арттыру мақсатында жасалып жатыр. Бұған дейін билет берілмегені үшін небәрі 2 АЕК айыппұл салынатын. Жыл басынан бері автобус жүргізушілерімен кондукторларға 118 шағым келіп түскен. Оның басым бөлігі қозғалыс барысында көлік есігін жаппау, ұялы телефонмен сөйлесу, жолаушыларға дөрекілік таныту деректері.