$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралда ПТР анықтамасын қолдан жасаған екі адам ұсталды

AstanaTV
19.07.2021ж. 20:00
2160
Оралда ПТР анықтамасын қолдан жасаған екі адам ұсталды

Оралда ПТР анықтамаларын қолдан жасаған екі азамат ұсталды. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің дерегінше, екеуі де 19 жастағы қала тұрғындары.

Күдіктілер азаматтардың ПТР сауалнамасын қолдан өзгертіп, қажетті деректерді базаға өздері енгізген. Тіпті Ресей Федерациясындағы емдеу мекемелерінің шақырту қағаздарын дайындаумен де айналысқан.  Бұл шақырту қағазымен адамдар мемлекеттік шекарадан емін-еркін өте алады. Қолдан құжат жасап, айласын асырмақ болғандардың қанша адамға осылай жалған құжат әзірлегені белгісіз және сыбайластарының кімдер екендігі де әлі анықталмаған.  

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиға орнынан ноутбук, сәйкес құжаттар және ақша тәркіленген болатын.

Өткен аптада оралдық мектеп мұғалімі Ковид-19 індетіне қарсы екпе алғаны туралы құжатты қолдан жасады деген күдікпен істі болған еді. Оның да үстінен жалған құжат жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

Е. Карин