$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Nur Otan» фракциясы депутаттарының ауыл әкімдігіне үміткерлермен кездесуі жалғасуда

AstanaTV
19.07.2021ж. 20:00
1835
«Nur Otan» фракциясы депутаттарының ауыл әкімдігіне үміткерлермен кездесуі жалғасуда

Өңірлерде «Nur Otan» фракциясы депутаттарының ауыл әкімдігіне кандидаттармен кездесуі жалғасуда. Қарағанды облысында мәжіліс депутаттары үміткерлермен кездесіп, елді мекендердегі проблемаларды талқылады.

Бауыржан Ақанов - «Nur Otan» партиясының атынан ауыл әкімдігіне үміткер.  Кандитат үгіт- насихат науқанына тыңғылықты дайындалған. Болашақта ел игілігі үшін халық қалаулыларымен бірігіп жұмыс істемекші.

Бауыржан АҚАНОВ, АҚТАС КЕНТІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР:


Бұл сумен қамтамасыз ету, сапалы электр жабдықпен қамтамасыз ету. Және де Ақтас кентінде, 9 мыңдай халқы бар кентте дене шынықтырумен айналысатын бірде бір комплекстердың болмауы. Соны салудың оң жолдарын қарастырдық. Бұл проблемаларды әрине шешу керек. Шешеміз деген ойдамыз.

Елімізде шағын кенттер мен шаһарлар «Жол картасы» бағдарлама негізінде дамытылуда. Мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысын «Nur Otan» партиясы қадағалайды.   Ондаған жылдар бойы тоқтап тұрған Саран қаласындағы орталық қазандық құрылысы қайта басталды. Сонымен бірге өткен жылы ашылған «QAZ TEHNA» автобус зауыты жергілікті автопарктерді заманауи қоғамдық көліктермен қамтамасыз ете бастаған. Зауыт күніне 3-4 автобус құрастырады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, еліміздегі 12 мың автобус бекетінің тең жартысы әбден тозған. Мамандардың айтуынша, енді оларды толығымен жаңартуға мүмкіндік бар. Аталған зауыт экологиялық проблеманы да шешеді. Электрлік автобус шығара бастады. Кешікпей көліктерді зарядттайтын қуат көздерін жасауды жоспарлап отыр.

Юрий ЖУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Қазір үкімет электрлік көліктерді игеру бағдарламасын қарастырып жатыр. Жақын уақытта Қазақстанда осындай автобус зауыттарының арқасында қоғамдық көліктерді толық жаңартуға мүмкіндік бар. Зауыт электроавтобус шығара алады, бұл қазір тренд. Үкімет бұл сұраққа ерекше назар аударады.

А. Қуаш