$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысында 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

AstanaTV
21.07.2021ж. 20:00
1356
Алматы облысында 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Алматы облысында 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі -Панфилов ауданындағы   жылына 60 мың тонна құрама жем шығаратын мал азығы зауыты. Қазір зауыттың бір бөлігі жұмыс істеп тұр.  Ал өндіріс орны толық іске қосылғанда 87 жаңа жұмыс орны ашылады.

Шухрат ҚҰРБАНОВ, ПАНФИЛОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бір жолы 15 мың тонна дән сақтауға, кептіруге мүмкіндігі бар. Былтыр күзгі науқанда бұлар 5 мыңнан артық шаруашылықтардан жүгері сатып алып, өзін қамтамасыз етіп қойды. Бүгінгі күнде содан 850 тонна таза жем шығарды. Ол жемді бұлар қазір келісім шарттармен Түркістан облысы, Тәжікстанға және солтүстік облыстарға сатып жатыр.

Сондай-ақ инвестициялық жобалар қатарында Алматы облысындағы "Алацем" цемент зауыты да бар. Кәсіпорынның жылдық қуаты - 1млрд 200 млн тонна.  500-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.   

Болыспай ТОЛЫСПАЙҰЛЫ, ЗАУЫТТЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Зауытта бүгінде 465 адам жұмыс жасайды. 350-і жергілікті халық. 115-і ҚХР келген жалдамалы жұмысшылар. Біз енді өзіміздің жоспарымыз бойынша жылдық өнім 1млн 200мың тонна.

Б. Сатуов