Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Облыстық мәслихат депутаты шаруаларға қолдау көрсетті

Облыстық мәслихат депутаты шаруаларға қолдау көрсетті

Қызылорда облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мағжан Ералиев қуаңшылықтан зардап  шегіп отырған аралдықтарға қолдау көрсетпек. Өз қаражаты есебінен мал азығын дайындап, Арал ауданы Қосаман ауылының шаруаларына жеткізіп береді.  «Бірінші кезекте тұрмысы төмен отбасыларын қамтуға тырысамыз» дейді депутат.

Мағжан ЕРАЛИЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНДАҒЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Жас отанмен» бірлесе отырып, Аралда болып жатқан қуаңшылыққа байланысты малға жем-шөп беру мақсатында өзінің қол ұшын созып, 1000 пресс шөп дайындаған болатынбыз. Және қазір аттануға дайынбыз. Траспорт та және шөпте өзімізден шығып жатыр.  

Естеріңізге сала кетейік, биыл жауын-шашынның аздығынан Арал ауданында көк шықпай, 600 -ге  жуық ірі қара қырылған болатын. Қазір ауданда төтенше жағдай жарияланып, өзге ауданның жастары көмек ретінде шөп жөнелтіп жатыр. Аталмыш шара «Жас отан» жастар қанатының «Аралмен біргеміз» акциясы аясында жүзеге асуда.

М. Тоқтасынқызы