Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қарағандыда жасөспірімге пышақ кезегендер ұсталды

AstanaTV
22.07.2021ж. 20:00
1671
Қарағандыда жасөспірімге пышақ кезегендер ұсталды

Қарағандыда 16 дағы жасөспірімге пышақ кезеп, бұзақылық жасағандар ұсталды. Олардың бірі 36 жаста, екіншісі 23 жаста. Жігіттер көшеден өтіп бара жатқандарға ретсіз тиісіп, өрескел әрекеттер жасаған. Ал  жеткіншек оларға ескерту жасапты. Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желіде жазды. Төбелес содан басталған. Анасының айтуынша, бұзақылар жасөспірімге пышақ кезеп, қолын кескен. Сондай-ақ өзге де жарақаттары бар.  

Жансая ЖҮНІСОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПД БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ м.а.:


Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кінәлілер ұсталды. Қазір сараптамалық тергеу жұмсытары жүріп жатыр.

А. Базарбай