$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Астанада тек баламалы энергиядан қуат алатын баспаналар тұрғызала бастады

AstanaTV
25.08.2017ж. 20:00
1814
Астанада тек баламалы энергиядан қуат алатын баспаналар тұрғызала бастады

Астанада энергиямен өзін өзі толық қамтамасыз ететін үйлер тұрғызыла бастады. "Ақылды үй" күн мен жел қуатын тұтынады. Оны отандық және белгілі Австрия компаниясы бірлесіп салып жатыр. Бүгін "ЭКСПОдағы" Австрия комиссары Рихард Шенц бірегей баспанамен танысты. Осы аумақта 200-ге тарта үй салу жоспарда бар. Ағаш пен шыныдан тұрғызылған үй кез келген аязға төтеп береді дейді. Мұнда бірде бір коммуналдық желі тартылмаған. Үйдің ішінде орнатылған технология ауа температурасын өзі реттеп тұрады. Мұндай баспана құны жиһаз бен жер телімін қосқанда шаршы метрі 3 мың долларға шығады. "Ақылды үйді" тұрғызуға 1,5 ай уақыт жетеді. Айтпақшы, қоныс аударған жағдайда, киіз үй секілді бөлшектеп жинап, басқа аумақта қайта тұрғызуға болады.

Полина Кравцова, "ENERGY CITY" компаниясы сату бөлімінің менеджері:

Бұл жерде ағаш қолданылған. Материал іште жылуды жақсы сақтайды. Және тез утилизацияға кетеді. Үйдің қолданыс мерзімі 100 жыл. Ағаш 70 жыл өседі. Демек, бізде 30 жыл артығымен қалып тұр. Үйді салу кезінде табиғи ресурстарға зиян келмейді деген сөз.