Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Жасотандықтар жастарға тегін құқықтық кеңес ұйымдастырды

AstanaTV
25.08.2017ж. 20:00
2102
Жасотандықтар жастарға тегін құқықтық кеңес ұйымдастырды

Облыс орталықтарына өзге қалалардан келіп нәпақа тауып жүрген жастарға, бүгін кәсіби заңгерлер тегін ақыл-кеңес берді. Шараға «Жас Отан» белсенділері мұрындық болды.

Сондай шараның бірі Қарағанды қаласындағы «Шығыс» базарында өтті. Жасотандықтардың айтуынша, өзге өңірлерден кеншілер шаһарына нәпақа табу үшін қоныс аударғандардың көбі осы базарда жұмыс істейді. Еліміздің бір ғана оңтүстігінің өзінен бір мыңнан астам жас келген. "Олардың басым бөлігі ауызекі келісіммен жалданып жұмыс істеп жүр. Оның үстіне жұмысбастылықтан дер кезінде уақытша немесе тұрақты тіркеуге тұра алмағандықтан, балаларын балабақшаға бере алмағандар бар", - дейді олар. Жеке бас құжаттарын рәсімдеу, баспана, сондай-ақ жұмыссыздық проблемаларына қатысты жыл басынан бері 1800 өтініш түскен. Оның 1 600-іне тиісті құқықтық кеңес берілген. Партияның мақсаты - жастарды өз еңбектерін бағалап, заң аясында жұмыс істеуге шақыру.

Жеңісбек Қадыров:

Үй ала алмай жүргендер бар. Жұмыс таба алмағандар, жалданып жұмыс істейтіндер бар. Соның бәріне көмегі тиеді деп ойлаймын. Өзім сұрақтарыма толыққанды жауап ала алдым.

Ал Тараздағы "Ауыл-Береке" базарында өткен шара барысында, жаңадан кәсіп ашу, банктегі жинақ салымдарына байланысты құқықтық кеңестер берілді. Әрі өз-өзін толық жұмыспен қамтуда мемлекеттен берілетін мүмкіндіктер айтылды. Жаңадан кәсіп ашамын дегендерге «Даму» қоры өкілдері тиімді субсидия шарттарын таныстырды. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы берілетін үйдің 1 шаршы метрін 116 мың теңгеден есептейді. Бұл ең төменгі баға. Пайыздық мөлшерлеме 5 пайыз. Ал, несиені өтеу мерзімі 9 жылдан бастап 23 жыл.

Тұрсынбек Бақкелді, «Жас Отан» ЖҚ «Кеңес» беру консалтинг орталығының жетекшісі:

Консалтинг орталығында бүгінгі таңда 15-ке жуық мекеме кеңес береді. Аптасына мекемелердің ауысуы арқылы 3 рет өткізіледі. Яғни бір күні Тараз қаласының прокуратурасы болса, ертеңіне мемлекеттік кірістер департаменті, 3-ші күні халыққа қызмет көрсету орталығы. Сенбі-жексенбі күндері тегін медициналық қызметтер көрсетілетін арнайы күніміз бар. Яғни аурудың алдын алуда сан түрлі кеңестер беріледі.