Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

"Жайықтағы" судың азаюы оралдықтарды әуреге салуда

AstanaTV
29.07.2021ж. 20:00
1454
"Жайықтағы" судың азаюы оралдықтарды әуреге салуда

Оралдықтар биыл да судан тарығып отыр. Олар бұл мәселенің жыл сайын қайталанатынын айтады. Тіпті бірнеше күн сусыз отырған кездері де болған. Бірақ жағдай әлі түзелер емес.

Наталья ПОВОРОТОВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Суды литрлеп сатып аламыз. Өйткені лас. Былтыр құбырды ауыстырғанда қаншалықты лас екендігін көрдім. Тамақ пісіру түгілі, кір жусақ та, түрлі химиялық қоспаны пайдаланамыз. Әйтпесе шәйнекке қақ тұрып, кір жуатын мәшине істен шығады. Енді осы судың өзін бермейміз дегенді әлеуметтік желіден оқып қалдым. Су жоқ болса қалай күн көрерімізді білмейміз.

Ал жергілікті атқамінерлер су тапшылығын Жайық өзеніндегі судың аздығымен байланыстырады. Қазір Орал қаласына қажетті 60 мың текше метрдің жартысы өзеннен, қалғаны жер астындағы су көздерінен алынады. Соның өзінде де тіршілік нәрі тапшы. Өйткені соңғы төрт жылда суды пайдалану көлемі 6 пайызға артқан.

Абат ШЫНЫБЕКОВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Былтырғы жылы біз шілде айында 1,8 миллион текше метр суды халыққа немесе өндірістерге беріп отырдық. Әрине осыған байланысты ауызсуды тұтыну мәселесі бойынша шектеу шаралары жүзеге асырылды. +кешенді жоспарға сәйкес жер асты су қорының көлемін ұлғайту болып табылады.


Сумен қамту үшін қала маңынан 15 ұңғыма да қазылған. Бірақ жауапты сала өкілдері бұл тығырықтан шығармайды деп отыр. Өйткені "Жайықтағы" су деңгейі төмен болғандықтан, шаһарды сумен қамтитын мекеменің сусорғы қондырғылары қалыпты жағдайда жұмыс істей алмайды. Ал қондырғының жұмысын шектесе, қала судан тарығады. Бірақ табиғи ресурстар басқармасының өкілдері мұнымен келіспейді.

Махамбет ЫҚСАНҒАЛИ, БҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жайықта балық қыстайтын шұңқырлар болды. Сахарная деген рыбозимовальная яма, тереңдігі 16 метр. 16 метр деген бес қабат үймен бірдей. Біздің қолымызда қазір 58 балық қыстайтын шұңқырдың тізімі бар, мен ұстап отырмын қазір ғылыми бекітілген. Бұлар 1991 жылдан бері тазарған жоқ. Қазір осы 58 шұңқырдың бәрі бітелді. Жайық қазір қолдан жасалған канал сияқты. Бір жағынан су беріліп жатса, екінші жағынан Каспийге құйылып жатады.


Енді күн ысыса, қалада ыстық су беру шектелуі мүмкін. Аймақ атқамінерлері суық суды тоқтатпау үшін осыдан басқа амалы жоқ екенін айтады. Яғни, күн ысығанда жылу мекемесінің жұмысы бәсеңдетіледі. Ауа райын болжаушылар алдағы күндері Оралда аптап ыстық болатынын ескертуде.

Е. Карин