Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қажылық парызын өтеуші мұсылмандар саны артты

AstanaTV
25.08.2017ж. 20:00
3230
Қажылық парызын өтеуші мұсылмандар саны артты

Қажылық парызын өтеуші мұсылмандар саны артты. Ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33 пайызға көбейген. Бүгінде Сауд Арабиясына 1,5 миллионға жуық адам барып үлгерген.

Қажылық парызды өтеуге барғандардың 1 миллион 300 мыңы қасиетті орындарға ұшақпен барса, көлікпен 7 жарым мың, ал теңіз арқылы 130 мың адам жеткен. Мұны Саудияның кеден қызметі хабарлады. Бұл ел Дохамен қарым-қатынасын үзсе де, Катардан келетін мұсылмандарға есік ашық. Бұл жолы 400-дей адам келген. Сондай-ақ өткен жылы Эр-Рияд билігі Тегеранмен көзқарастар қайшылығына байланысты Иран азаматтарына елге кіруге тыйым салған еді. Биыл оларға да ешқандай шектеу жоқ. Қажылық тамыздың 30-ы мен 4 қыркүйек аралығында өтеді.