$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ел аумағында тамыз айы күннің салқындауы мен қатты жел күтілуде

AstanaTV
30.07.2021ж. 20:00
3920
Ел аумағында тамыз айы күннің салқындауы мен қатты жел күтілуде

Қазгидромет синоптиктері Қазақстан бойынша тамыз айына арналған ауа-райы болжамын ұсынды. Ай басында ел аумағының басым бөлігінде ыстық және құрғақ ауа-райы сақталады. Тек шығыс пен елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда найзағай ойнап, жауын-шашын болады дейді. Кейбір өңірлерде желдің күшеюі мүмкін. Мұнан соң күннің салқындауы болжануда. Ал ай соңында ауа райы құбылмалы болады.

“ҚАЗГИДРОМЕТ” РМК РЕСМИ АҚПАРАТЫ:

Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +20+25°С, күндіз +35+42°С, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +15+22°С, күндіз +30+37°С болады. Ауа температурасы күндіз +23+28°С болатын оңтүстік өңірлерде қалыпты жылы ауа-райы күтіледі, ал солтүстік өңірлерде ауа-райы күзгі сипатқа ие болады, күндіз ауа температурасы +17+22°С жетед.

А. Базарбай