Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

БҒМ қашықтан оқу туралы қауесетті жоққа шығарды

AstanaTV
02.08.2021ж. 20:00
1595
БҒМ қашықтан оқу туралы қауесетті жоққа шығарды

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылы қашықтан оқу форматында болатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде осыған қатысты қауесет тараған болатын. Министрлік өкілінің айтуынша, Асхат Аймағамбетов мұндай мәлімдеме жасамаған. Сондықтан   жұрт арасында тараған ақпараттың негізсіз екенін айтады.

Мөлдір ӘБДУАЛИЕВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Әлеуметтік желілерде "қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен" бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов брифингте мәлімдеді деген жалған ақпарат тарап жатыр. Асхат Аймағанбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитария дәрігері және өңірлердің бас санитария дәрігерлері қабылдайды.


А. Базарбай