Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Павлодар облысында 1 жасар бүлдіршін шелектегі суға тұншығып өлді

Павлодар облысында 1 жасар бүлдіршін шелектегі суға тұншығып өлді

Павлодар облысында 1 жастағы бала шелектегі суға тұншығып, көз жұмды. Оқыс оқиға Ақсу ауылдық аймағына қарасты Пограничник ауылында болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған сәби абайсызда шелектегі суға құлап, тұншығып қалған. Алайда, оны құтқару мүмкін болмады.  Сондай-ақ, дәл осы күні елдімекеннің   22 жастағы тұрғыны суға шомылу кезінде өзенге батып кетті.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Суға тұншығып қайтыс болған балаға сот алды медициналық сараптама жасалды. Ал суға батқан 22 жастағы жігіттің денесі судан шығарылды.

Ө. Қуанар