Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Жыл басынан бері ғаламтор арқылы 11 мыңнан астам алаяқтық қылмыс жасалған

Жыл басынан бері ғаламтор арқылы 11 мыңнан астам алаяқтық қылмыс жасалған

Биыл ғаламтор арқылы 11 мыңнан астам алаяқтық қылмыс жасалған.  Бұл туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді. Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесе отырып, несие беру, банктік және ақша қаражаттарын ұялы аудару саласындағы алаяқтықтың алдын алу бойынша шаралар жүргізген.  Интернетте алаяқтық жасаудың ең кең тараған әдісі -  желідегі жарнама арқылы өнім немесе қызмет түрі үшін алдын ала жартылай немесе толық төлем алу екенін атап өтті. Биыл 7 айда осы санаттағы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жәбірленушілерге бір миллиард теңгеден астам   материалдық шығын өтелген.
 
Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:


Жамбыл облысында Instagram арқылы әйелдер киіміне тапсырыс қабылдап, желі қолданушыларынан 2 млн теңгеден астам ақша алдап алған азаматшаға сот үкім шығарды. Ол 1995 жылы туған Жамбыл облысының тұрғыны.  Әлеуметтік желіде сатылатын киімдердің каталогын жариялайтын аккаунт ашып, жалған хабарландыру ілген. Бірақ қолында ешқандай тауар жоқ.  Сөйте тұра, тауар үшін 100 пайыз көлемінде алдын ала төлем қабылдап, курьер арқылы жолдауға уәде берген. Курьерлік қызмет тапсырысты бір аптаның ішінде жеткізетінін пайдаланып, бірнеше күн бойы алаяқтығын еш кедергісіз жалғастырып келген.

А. Базарбай