Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

СҚО 2025 жылға дейін үш ауысымдық мектептердің мәселесі шешілмек

AstanaTV
13.08.2021ж. 20:00
1606
СҚО 2025 жылға дейін үш ауысымдық мектептердің мәселесі шешілмек

Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылға дейін үш ауысымдық мектептердің мәселесі шешілмек. Бұл -  Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен, «Nur Otan» партиясы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің Петропавлдағы көшпелі отырысыда белгілі болды. Алқалы жиын барысында өңірдегі білім саласының көкейкесті мәселелері қаузалды. Бүгінде теріскейде бала саны көбейіп, мектеп тапшылығы пайда болды. Аймақта үш ауысыммен оқитын үш мектеп бар. «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасы негізінде дайындалған, "Жол картасында" бұл проблеманы шешу жолдары қарастырылған. Мәселен, алдағы бес жылдың ішінде Қызылжар өңірінде 16 су жаңа мектеп салынбақ. Сондай-ақ, жүздеген мектепті жаңғырту жоспарланып отыр.

Гүлмира КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


"Нұр Отан" партиясының сайлауалды бағдарламасы - "Жол картасы" аясында мектептерді жаңғырту мәселелері бойынша 5 жыл ішінде 416 мектепті жөндеу жүргізу көзделген. Оның ішінде кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектеп кітапханаларын, асханаларын жаңғырту, жиһазды жаңарту жоспарланған. Биылғы жылы 84 мектепке 4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.