Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

С.Нұрмаханбетов 27 жасында ауылға әкім болып келген

AstanaTV
13.08.2021ж. 20:00
2081
С.Нұрмаханбетов 27 жасында ауылға әкім болып келген

Қызылорда облысы Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі Сағдат Нұрмағанбетов бұл қызметке 27 жасында  келген. Жас та болса іскерлігімен көптің көңіліне жол тапқан ол, осы ауылдың тумасы. Елдің тұрмыс-тіршілігі мен «бас ауыртқан» мәселелерімен жақсы таныс. Сондықтан да болар, ауыл әкімдерінің сайлауында халық таңдауы өзіне түскен. Қызметін жалғастыруға кіріскен ол «әрі қарай да сенімге селкеу түсірмеймін» дейді.

Сағдат НҰРМАҒАНБЕТОВ, Н.ІЛИЯСОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

 
Бұл мен үшін үлкен жауапкершілікті жүктей. Сайлауалды бағдарламамда ауылды көркейтуге, дамытуға байланысты бірнеше жұмыстарды қамтыған болатынмын. Бұл жұмыстармен тоқтап қалмаймыз. Алдағы уақытта бар күш-жігерімді салып, ауылды дамытуға, ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға жұмыс жасайтын боламын.


Елімізде тұңғыш рет өткізілген әкім сайлауына ауыл халқының 90 пайызы қатысқан. Саяси додаға түскен үш кандидаттың ішінен, халық «Nur Otan» партиясынан қатысқан бұрыңғы басшыларын қайта сайлаған. «4 жыл ішінде іскерлігімен көзге түскен ол, бірқатар мәселелердің шешілуіне мұрындық болды» дейді ауыл тұрғындары.

Кенжебек ӘНӘПИЯҰЛЫ, Н.ІЛИЯСОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

70 процент алу деген халықтың бұл жігітке деген сенімінің арқаны, сенімінің жоғарлылығын көрсетеді. Ауылдық округте жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселесі аз болды. 2-3 жыл ішінде бұл жігіт қолға алып, қазір кәсіпкерлік субъектілерінің саны 87-ге жетті. Әлі жас,  өзін-өзі көрсете біледі деген сеніміміз зор.

Күн өткен сайын көркейіп келе жатқан ауылда мәселелер де жоқ емес. Демографиялық өсім қарқын алғандықтан, халыққа тұрғын үй құрылысына жер беру, инфрақұрылымын дамыту - мәселесі өзекті. Ауылға кірер үлкен жол да күрделі жөндеуді қажет етеді. Сайлауалды бағдарламасында оны шешуді уәде еткен басшы, жұмысын бастап та кеткен.

М. Тоқтасынқызы