Ресей, қырғыз, армян және белорустық нөмірі бар көліктер әзір ел аумағынан шығарылмайды. Өзге мемлекеттен әкелінген автомобиль иелері арасында түсініспеушілік туғызған ақпаратқа қатысты мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді. Комитет өкілінің айтуынша, Еуроодаққа мүше емес елдерден келген көліктер ғана 30 -қыркүйекке дейін Қазақстаннан шығарылады немесе оларға баж салығын төлеу міндеттеледі. Ал, жоғарыда аталған көліктер үшін ешқандай шектеу қойылмайды. Айта кетейік, елімізде жүрген шетелдік автокөліктер саны 3 мыңға жуықтайды.
Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Ресей, Қырғызстан, Армения, Белоруссия нөмері бар авто көліктерге Қазақстанда жүруге шектеу жоқ. Қазақстанда бір жылдан асқан басқа барлық шетелдік машиналар біздің елдің аумағынан ғана емес, сонымен қатар Ресей, Қырғызстан, Армения, Белоруссиядан да шығып кетуі керек. Өйткені бұл елдер Еуроазиялық экономикалық одақ аясында кеден кодексін бекітті.
Б. Сатуов