Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматы ауданында жаңа аулалар мен демалыс орындары пайда болуда

AstanaTV
19.08.2021ж. 20:00
1675
Алматы ауданында жаңа аулалар мен демалыс орындары пайда болуда

Бас қаланың Алматы ауданында биыл 20 балалар ойын алаңы мен 6 қоғамдық кеңістік абаттандырылған. Бірінен бірі өтетін саябақтар, парктер мен ойын алаңқайлары барынша заманауи жабдықтармен қамтылған. Талғаммен жасалған демалыс орындары   көз қуантады. Мұндай ерекше әрленген, жаңарып, жаңғырған алаңдарда халық еркін серуендеп, дене шынықтыру жаттығуларымен айналысып, таза ауамен тыныстайды.

БЛИЦ:

- Құрылысшыларға рахмет, әжептәуір жұмыс істеді. Көңілім толғанда қандай, менің де немерелерім осында ойнап жүреді.

- Немерелеріммен осындай таза ауада отырамын. Өте ұнайды осындай жайлар. Көңіл-күй жақсы, мынау індет уақытында бізге таза ауа демалуға өте қажет. Кісілердің осылай істеп қойғанына қуаныштымыз.

- Март айында келген кезде мұндай емес еді.Қазір енді кереметқ ой бір қарап демаласың.Айналайын. Балаларды ойнатасың. Отыратын жерлеріде жақсы болып қалған. Үлкен кісілерге де қимыл-қозғалыста жасайтын нәрселер істеп қойған. Өте керемет ризамыз.


Абаттандырылған аумақтарда жеке сектор тұрғындарының, әсіресе, жасөспірімдер мен балалардың уақытын тиімді және пайдалы өткізу үшін барлық стандартқа сай келетін қоғамдық кеңістіктер салынған. Олар воркауттар, балалар ойын алаңы, тұрғындар үшін демалыс орындары және түрлі гүлдер жайқалып тұр.   

Бағжан БИДАХМЕТОВ, АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ АБАТТАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Мұның барлығы халықтың сұранысы бойынша және iKomek бар. Мына салынған қоғамдық кеңістік, Абылайхан бойындағы 52,54 халықтың сұранысы бойынша салынды. Бұл жерге халықтың сұранысы бойынша парковкалар салынды және де үйлер көп болғандықтан ойын алаңдары салынды. Мың квадратқа және де жаңадан екі футбольный поля салып бердік және де воркаут зона тренажерлер салынды.


Б. Сатуов