Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елордада қоғамдық кеңістік қалай дамиды?

AstanaTV
19.08.2021ж. 20:00
962
Елордада қоғамдық кеңістік қалай дамиды?

Елордада жаздың аптап ыстығында таза ауада жүріп демалғыңыз келсе, түрлі саябақтар мен демалыс орындары жеткілікті. Ол үшін бас қалада барлық жағдай жасалған. Мәселен осы жылдың өзінде әкімдік 40 -қа жуық қоғамдық орын мен саябақтарды, көпірлерді абаттандырған.  Тіпті жаяу жүргіншілер үшін де жағдай қарастырылған.  

БЛИЦ:

 - Мен өзім үшін орын таңдадым.  Ағаштар бар, көлеңке, өте ыңғайлы.

 -Ыңғайлы.  Әсіресе орындықтары.  Ыңғайлы отырасың.  Енді мына жерге субұрқақ қойса, нұр үстіне нұр болар еді.

 - Менің ойымша, бұл керемет.  Жақында бәрі өте жоғары деңгейге болатын сияқты.  Балаларға да, ересектерге де демалатын орын жетерлік.


Бас қалада серуендеуге, демалуға, тіпті шығармашылықпен айналысуға, спортпен шқғылдануға арналғңан арнайы орындар бар. Көпірлердің асты да халықтың игілігі үшін абаттандырылған.  Мұның бәрі "Нұр-Сұлтан-жайлы қала" стратегиясы аясында жүзеге асырылуда.

Елнар БАЗЫКЕН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ УРБАНИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біріншіден, біз әр ауданға қажет аймақтарды анықтаймыз. Өйткені әр тұрғынды қызықтыратын және демалатын орындар болуы керек.  Жауын -шашын мен күн сәулесінен қорғалған жерлер қажет болса, біз көлеңкелі экрандармен қамтамасыз етеміз.  Қосымша абаттандыру қажет жерлерге ағаштар егіледі.

Әкімдік алдағы уақытта велосипед пен жаяу жүргіншілер көпірін салуды жоспарлап отыр.  Ол Тұңғыш Президент саябағы мен Есіл өзенінің бойындағы саябақпен байланыстырады.  Сонда қала тұрғындары жағалау бойындағы барлық демалыс орындарын аралап шығуға мүмкіндік алады.

Б.Сатуов