$477.25 €500.25 ₽4.81
×

Ірі кәсіпорындарға қатысты экологиялық мәселелер талқыланды

AstanaTV
20.08.2021ж. 20:00
1408
Ірі кәсіпорындарға қатысты  экологиялық мәселелер талқыланды

«Nur Otan»  фракциясының мүшелері ірі кәсіпорындарды экологиялық  кодекс талаптарын орындауға шақырды.  Қарағанды облысындағы «Шығыс» орталық байыту фабрикасында   төрт жүзден астам адам жұмыс істейді. Олар көмірді қайта өңдеп, концентратын металлургия кәсіпорнына жібереді. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі өндіріс қалдықтарын сақтайтын қойма соңғы 50 жылдан бері жөнделмегендіктен әбден ескірген. Қазір жаңа қойма салынып жатыр.    

Гүлнар БИЖАНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, « NUR OTAN»  ФРАКЦИЯСЫНЫҢ  МҮШЕСІ:
 

Қазір біз соңғы 5 жылда пайдаланылған жерді қайтадан қалпына келтіріп құнарландыру мәселесін көтеріп отырмыз. Мысалы осы фабриканың ескі қоймасы бар. Ал жаңасы 2017 жылдан бастап салынып жатыр. Бұл өндіріс қалдықтарынан шаң шығады, ол адамдардың денсаулығына зиян. Сондықтан осы экологиялық кодекстің сақталуы ерекше назарда.


А. Қуаш