Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«Nur Оtan» фракциясы депуттары ауылдағы мектеп құрылысымен танысты

AstanaTV
23.08.2021ж. 20:00
1638
«Nur Оtan» фракциясы депуттары ауылдағы мектеп құрылысымен танысты

Мемлекет қаржысына салынып жатқан нысанның сапасына ерекше мән берілу керек. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Алатау ауылында салынып жатқан 100 орындық мектеп құрылысымен танысқан мәжілісмен Нәзилә Раззақ осыны айтты. Білім ошағының құрылысы биыл сәуір айында басталған. Жоспар бойынша, келесі жылы маусымда пайдалануға берілмек. Оқу қабинеттерінен бөлек мұнда маталар мен технологияларды өңдеу және металл, ағаш шеберханалары жасақтау жоспарда бар. Жалпы биыл аймақта 23 білім нысанының құрылысын жүргізуге қаржы қарастырылған. Оның 11-і осы жылы қолданысқа берілмек. Сондай-ақ, 16 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Нәзилә РАЗЗАҚ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR ОTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


«Nur Otan» партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасының арқасында, елімізде биыл 800-ге жуық білім ошағы бой көтеретін болады. Сонымен қатар шағын қалалар мен ауылдарда бес мыңнан астам мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл дегеніміз келер ұрпақ білімді және ойлау қабілеті жоғары ұрпақ өсіп өнеді деген сөз.


Б. Жұмабай